Атырау, 18 желтоқсан 07:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Б. Ізмұхамбетов: «Париж бізден алыс емес»

3 195 рет қаралды

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 39-сессиясында Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ тұрғындарды қырағы болуға шақырды.

- Париждегі соңғы оқиғалар, Мысырдағы ресейлік ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы барлығыңыз білесіздер. Бұлар бізден алыс жерлерде болып жатыр деп ойламаңыздар. Бізде де дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатындар, Сирияда ДАИШ жағында соғысып жатқандар, балаларын тастап, солардың соңынан кеткен аналар да бар. Мен облыс халқын айналаларыңызға назар аударып жүруге шақырамын – қазір сондай уақыт. Сәл қауіптенсеңіздер, бірден құқық қорғау органдарына хабарлауларыңызды сұраймын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қараша 2015, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.