Атырау, 26 қараша 11:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алабама Париждегі лаңкестіктен кейін сириялық босқындарды қабылдаудан бас тартты

1 458 просмотра

Image 0Фотография: © РИА Новости. Михаил Алаеддин Американың Алабама штаты Париждегі лаңкестік әрекеттерден кейін Сириядан ағылған босқындарды қабылдаудан бас тартты. Бұл туралы штат губернаторы әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған баспасөз хабарламасында айтылған.

Естеріңізге салып өтсек, 13 қараша күні кешкі уақытта Франция астанасы Парижде талай отбасыны қан жылатқан қайғылы оқиға орын алды. Белгісіз біреулер мейрамханалардың бірінде атыс ұйымдастырса, «Стад де Форанс» стадионының маңында үш жарылыс болды. Бұған қоса, «Батаклан» театрында рок-концертті тамашалауға келген адамдарды белгісіз біреулер тұтқынға алды. Соңғы деректерге сүйенсек, 132 адам ажал құшқан, 300-ге жуығы жарақат алды, деп жазады РИА-Новости.

«Жазықсыз жандарға жасалған шабуылды ескере отырып, мен АҚШ-тың Босқындарды қабылдау бағдарламасы аясында Сириядан бет алған босқындарды Алабамаға қоныстандырмас үшін бар күшімді саламын», - делінген штат губернаторы Роберт Бентлидің мәлімдемесінде.

Бұған қоса штат басшысы Алабама тұрғындарының өмірін қатерге тігуге жол бермейтінін қадап айтты.

Сириялық босқындардың көрші штаттарда емін-еркін жүргеніне қарамастан, Алабамаға Сириядан әлі бірде-бір босқын келіп көрмеген.

Естеріңізге салып өтсек, бұған дейін Польша Париждегі лаңкестіктен кейін мигранттарды қабылдаудан бас тартқан болатын.

Дереккөз: bnews.kz

16 қараша 2015, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.