Атырау, 26 қараша 11:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Францияда өздерін жарып жіберген екі лаңкестің аты-жөні анықталды

1 620 просмотра

Францияның құқық қорғау органдары париждегі шабуылға қатысы бар екі адамның аты-жөнін анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске салайық, терактілерден 129 адам қаза тапты.

Футбол стадионының маңында өздерін жарып жіберген үш адамның бірінің Францияның 20 жастағы азаматы Біләл Хадфи (Bilal Hadfi) екені айтылады, тағы бір лаңкес - 31 жастағы Ибрагим Абдеслам, ол Париждегі Вольтер гүлзарында "өлімші желетін" іске қосқан.

Осыған дейін Францияда оның ағасы Салах Абдесламға Париждегі терактілерге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен іздеу жарияланып, суреттері мен белгілері жария болды. Оның 1989 жылы 15 қыркүйекте Брюссельде дүниеге келгені белгілі. Белгиялық БАҚ-тардың мәліметінше, іздестіріліп жатқанның ағасы Мохаммед сенбі күні кешкі уақытта Моленбек коммунасында табылды және қамауда отыр. Үш ағайынды Моленбек әкімшілігіне қарама-қарсы үйде тұрған.

Сонымен қатар, өлімшілердің арасында Францияның 29 жастағы азаматы Исмаил Омар Мостеф бар, ол "Батаклан" театрында табылған қалдықтардың сараптамасының нәтижесінде анықталды. Оның әкесі мен ағасы осыған дейін қамауға алған. Мұнымен бірге, БАҚ тағы екі лаңкестің аты-жөнін анықтады - Сирия азаматы Ахмед Алмохамед, ол Батыс Еуропаға Сербия арқылы келіпті. Екінші терроршының есімі Б. Абдулакбаке.

Еске салайық, 14 қарашаға қараған түні Париждің бірнеше ауданында лаңкестер теракт ұйымдастырды. Олар мейрамханалардың бірінде атыс ұйымдастырды, Франция мен Германия құрамаларының арасында жолдастық кездесу өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңында үш жарылыс болды. Мұнымен бірге, "Батаклан" театрында өтіп жақан рок-концертте содырлар адамдарды кепілге алды. Шабуылдардың салдарынан 129 адам қаза тауып, 352 адам жарақат алды. Терактілерге ДАИШ жауапкершілік алды.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 қараша 2015, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.