Алматы. 16 қараша. ҚазТАГ – Бостон соты 1 желтоқсанда терроршылдықпен айыпталып өлім жазасына кесліген Джохар Царнаевтың ісін қайта қарау туралы қорғаушыларының өтінішін қарайды, деп хабарлады ресейлік құқықтық және сот ақпараты агенттігі.
«Царнаевтың ісінде жаңа процесс өткізу туралы өтініш бойынша тыңдаулар 1 желтоқсанда таңғы 10 сағатқа Бостонның аудандық сотында тағайындалған», - деп хабарлады сот өзінің Twitter-дегі аккаунтында.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы 15 сәуірде Бостонда марафоны кезінде арасы 12 секунд болған екі жарылыс орын алды. Оның салдарынан 3 адам қаза тауып, түрлі мәліметтер бойынша 260 тан астам адам зардап шекті. Америкалық билік терактіні ұйымдастырған және жасаған ағайынды Царнаевтар 26 жастағы Тамерлан мен 19 жасар Джохар екеніне сенімді. Темерлан Царнаев атыс барысында қаза тапса, Джохар жараланып, қамауға алынды.
Сол желге 8 сәуірде Бостондағы алқа билер соты Джохар Царнаевты оған тағылған айыптардың барлық тармағы бойынша айыпты деп тапты. 7 әйел мен 5 еркектен тұратын алқа билер 11,5 сағат кеңесті. Царнаевқа қарсы 30 бап бойынша айып тағылып, олардың 17 бабы бойынша оған өлім жазасы қарастырылды. Алқа билері оны барлық баптар бойынша айыпты деп таныды, оның ішінде жаппай қырып-жою қаруын қолдану, адамдарды өлтіру, бомба жасау, оқ ататын қаруды иелену, автомобильді ұрлау мақсатында ымыраға барған деп айыпталды. Д.Царнаев терроршыл әрекеттері үшін сотталғандар отыратын Флоренседегі мейлінше құатаң түрмеде отыр.
Кейін сотталғанның адвокаттары Бостоннан тыс жерде жаңа сот өткізуді сұрап өтініш берді. Олар сот Бостонда өтетін болса, Бостон тұрғындарының оған алдын ала айыптау көзқарасымен қарайтындығынан, сот әділ болмайтындығын атап көрсетті. Олардың айтуынша, алқа билеріне үміткерлердің 70%-ы ол жігітті теракті жасауда айыпты деп санайтындықтарын айтыпты. Бірақ осы істі жүргізуші судья Джордж О'Тул ол уәжді теріске шығарып, ол бейтарап алқа билерін іріктеп алатындығына сендірді.
Дереккөз: ҚазТАГ