Атырау, 26 қараша 11:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Франция Париждегі террактіден кейін алғаш реті ИМ-ге авиасоққы берді

1 559 просмотра

Image 0Фото: ReutersАлматы. 16 қараша. ҚазТАГ – Француздардың авиациясы Париждегі дуркін-дуркін орын алған террактіден соң алғаш рет «Ислам мемлекетінің» позицияларына авиасоққы берді., деп жазады РБК.

Хабарда айтылғандай, Францияның ӘӘК ұшақтары терроршыл «Ислам мемлекеті» ұйымының сириялық Ракка қаласындағы позицияларына соққы берді. Бұл қаланы лаңкесшілдер өздерінің астанасы деп атайды. Барлығы 20 бомба тасталды.

Франция қорғаныс министрінің мәлемдеуінше шабуыл барысында терроршылардың комнадалық пунктіне, содырларды тарту орталықтарына, қару-жарақ қоймасы мен жаттығу базасына авиасоққы берілді.

Хабарда айтылғандай, Франция ӘӘК авиациясы өздерінің әрекеттерін АҚШ-пен үйлестіріріп отырған.

РБК еске салғандай, Франци ӘӘК содырлардың позицияларына шабуылын қазан айында бастаған. Ұшақтар Ракки маңындағы нысандарға шабуыл жасаған.

14 қарашада Франция премьер-министрі Мануэль Вальс Париждегі лаңкестік әрекеттерден соң теледидардан сөйлеген сөзінде елдің «Ислам мемлекетімен» соғыс жағдайында екенін және жауды толық жеңгенше бомбалай беруге уәде етті.

«Осы шабуылдарды жасағандарға жауап ретінде біз де солардың әрекетін танытамыз, қиратамыз. Біз бұл соғысты жеңеміз», - деп уәде етті ол.

Кешегі өткен сенбіде «Ислам мемлекетіне» тиесілі интернет ресурстардың бірінде содырлар Париждегі террактілерді өз мойнына алатындығы туралы хабар таратылды. Содырлар өздерінің әрекетін Францияның Сирия мен Ирактағы авиасоққыларына жауап ретінде жасалғанын және оны тоқтатуын талап еткен.

Соңғы мәліметтер бойынша, француздардың астанасында қарашаның 14- імен 15-нің арасында жасалаған терактілердің нәтижесінде 129 адам қаза болған. Ондаған адам әр түрлі жарақаттар алды.

Дереккөз: ҚазТАГ

16 қараша 2015, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.