Атырау, 8 қазан 19:14
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

"Жиһадшы Джон" Раккада өлтірілді

1 510 просмотра

Image 0«Жиһадшы Джон» деген атпен белгілі болған Мохаммед Эмвази. Фото: Reuters.Американың пилотсыз ұшақтары жасаған авиасоққының нәтижесінде «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының негізгі баскесері өлтірілді, деп хабарлайды Би-би-си.

«Жиһадшы Джон» деген атпен белгілі болған Мохаммед Эмвази өзінің жеке автомобилінде отырғанда, көлігіне тікелей оқ түсіп өлді.

Бұған дейін АҚШ әскери әуе күштері Сирияның солтүстігіне авиашабуыл жасағаны хабарланған, оның нысанасы дәл осы «Жиһадшы Джон» еді.

Кувейттен шыққан британдық Мохаммед Эмвази бұрында кепілге алынған батыс елдері азаматтарының басын кескен сәт түсірілген бірнеше видеожазбада көрінген болатын. Болжам бойынша, Эмвази Британиядан Сирияға 2012 жылы кетіп, сол жерде «Ислам мемлекетінің» қатарына кірген.

Былтырғы тамыз айында ол американдық журналист Джеймс Фоли өлтірілген сәті көрсетілген видеода байқалған. Кейінірек ол тұтқындар жазаланған басқа да бірнеше жазбада да көрінген. Барлық видеожазбаға Эмвази үстіне қара киім, басына қара маска-балаклава киіп түскен.

Дереккөз: serke.org

13 қараша 2015, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.