Атырау, 5 желтоқсан 12:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ірі мөлшерде ұрлаған ұрыларға үкім шықты

2 666 рет қаралды

Құлсары қаласындағы жеке меншік үйден жалпы сомасы 500 мың доллардай болатын ақша мен бағалы заттар ұрлаған үш сотталушыға үкім шығарылды.

Атырау облысы сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Жылыой аудандық сотында аса ірі көлемде материалдық шығын келтіру туралы қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарынан білгеніміздей, 2012 жылғы наурыз айында Ақтөбе тұрғындары Ш. Батимов пен А. Хасенов Құлсарыға келіп, сол жерде таныстарымен кездеседі. Құлсарылық М. Өтепбергенов Кең Жылыой ықшамауданында бағалы заттарын үйлерінде сақтайтын өте ауқатты адамдар, кәсіпкерлер тұратынын айтады.

2012 жылғы 16 наурызда олар белгіленген үйге келеді. Өтепбергенов сыртта қалып, Батимов пен Хасенов терезені сындырып, ішке кіреді. Олар үйден 400 000 АҚШ долларын, 2 000 еуро, 8 000 000 теңге, алтын мен асыл тастардан жасалған әшекейлер алады.

Сотта сотталушылардың біреуі ғана өз кінәсін ішінара мойындады, қалғандары мойындаудан бас тартты.

Сот үкімімен сотталушылар Батимов пен Хасеновті ҚР ҚК-нің 188-бабында қарастырылған («Ұрлық») қылмыс жасады деп танып, 7 жылға, Өтепбергеновті 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

13 қараша 2015, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.