Қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалында денсаулық сақтау мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Шара ұйымдастырушысы – үш ай бұрын құрылған облыстық «Қазақстанның Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы» Республикалық ҚБ облыстық филиалы. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВ, облыстық прокуратура мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қатысты.
Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Жалғас КЕЙКЕШЕВТІҢ айтуынша, оның өкілдері емханаларға барып, адамдардың кезек бойынша қаншалықты ұзақ күтіп отырғандарын сұрапты:
- Біз олардан қандай шағымдар мен ұсыныстарыңыз бар деп сұрадық. Негізінен педиатрия мен терапияны біріктіруге қатысты шағымдар айтылды. Енді балаларымен қабылдауға келетін ата-аналар тұмауға шалдыққан ересектер оны балаға жұқтыруы мүмкін деп қорқады. 4-ші емханадағылар оларға бахиланы 20 теңгеден сататындығына шағымданды. Привокзальныйдағы емханада талон бойынша жазылса да, ұзын-сонар кезекке тұрып, ұзақ күтетіндіктеріне реніш білдірді.
Залдан педиатрия мен жалпы практика мамандарын біріктіруге байланысты кадрларды даярлау және қайта даярлау жоспарланып отыр ма деген сұрақ түсті. А.Жұмыров былай деп жауап берді:
- Студентттер медицина институтын бітіріп, интернатурадан өткеннен кейін жалпы практика дәрігері деген диплом алады. Жалпы практика дәрігері әрі терапевт, әрі педиатр болып табылады. Адамдардың ағзалары бірдей. Жүрек те, бүйрек те солай. Тек жас ерекшеліктерінде айырмашылық бар. Мамандар осы бойынша жоғарғы оқу орнында дайындықтан өтті. Бізде ауылдық жерлерде бұрыннан жалпы практика дәрігері болып қызмет атқарып келе жатқан бір маман бар. Педиатр да, терапевт те, гинеколог және т.б. қызметтерді де бір өзі атқарады. Бұл тұрғыда бізде қалада ғана белгілі бір бөліністер бар. Ал ауылда бір дәрігер болады. Сондықтан егер дәрігерді үйретсе, оның қолынан келеді.
Бахилаға қатысты: А.Жұмыровтың айтуынша, 2012 жылғы бұйрық бойынша оларды сатуға тыйым салынған.
Емханалардағы кезек бойынша: А.Жұмыровтың айтуынша, бұған кадрлардың тапшылығы себеп болып отыр. Оның айтуынша, облыс бойынша 144 маман жетіспейді.
- Бірақ біз осыған қатысты қолға алып жатырмыз, бүкіл жағдайды жасаудамыз. Жақында дәрігерлер қаладан 11 пәтер алды, аудандар бойынша 35 пәтер бөлінді. 2016 жылы біз бүкіл медициналық жоғарғы оқу орындарына шығуды, мамандарды – жастарын да, тәжірибесі барларын да шақыруды жоспарлап отырмыз.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА
Суретті түсірген автор