Атырау, 21 желтоқсан 22:49
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Алға, жігіттер!

2 657 просмотра

Қызылордада өткен ұлттық спорт түрлерінің 4-фестивалінде облыс құрамасы көп жүлдеге ие болды.

Алғашқы болып бүркітшілер шықты. Атыраулық Мәди Аққазиев пен Арман Қошқаров бірінші минуттардан қарсыластарынан озық шығып, екеуі бір-бірімен тең келді. Финалда бүркітшілер түлкі, қоян және қарсақ аулау жылдамдықтарымен сайысты. Мәди өзінің Ағеділ атты бүркітімен жеңімпаз атанса, А. Қошқаров «күміс» иеленді.

«Қыз қуу» жарыстарына Атырауға Тараздан көшіп келген Жәния Сатылғанова мен Қызылқоға ауданынан келген Ақжол Нұрлыханов қатысты. Дәстүр бойынша жігіт қызды қуып жетіп, сүюі керек, егер жете алмаса, қыз оны қамшылайды. Ал жарыста жігіт қыздың мойнындағы шәлісін алса болды, ал содан кейін қыз оны қамшылау үшін артынан қуады. Екі спортшымыз да қола медаль алды.

Көкпар жарысында командамыз төртінші орын алды.

- 2013 жылғы желтоқсан айында ұлттық спорт түрлері клубы мен көкпаршылар командасын құру бастамасын көтеріп, қаржыландыруға ақша тапқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке алғыс айтқымыз келеді, - дейді облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясының вице-президенті Руслан Қырымбаев.

Қазақ күресі жарысында Сұңғат Закарияев «алтын» медаль, Бекболат Салықов пен Наурызбек Майлашев «қола» жүлде алды. Жекпе-жектен Аманбек Шершеналиев облыс қоржынына тағы бір «қола» салды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.