Атырау, 5 желтоқсан 12:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мердігерді сот арқылы жазалады

2 113 рет қаралды

Сот «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өзінің мердігер компаниясы «У-А-С Сервис» ЖШС-тен шарт талаптарын орындамағаны үшін айыппұл және өсімақы өндіріп алу туралы талап-арызын қанағаттандырды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, талапкер мен жауапкер арасында жеткізу шарты мен мердігерлік шарты жасалған, осыларға сәйкес мердігер АҚ филиалы қажеттіліктеріне клапандар жеткізуге, ал АҚ шарт талаптарына сәйкес өнімді қабылдап, ақшасын төлеуге міндеттеледі. Шарттың құны 2 501 571 теңгені құрады.

«Алайда мердігер «У-А-С Сервис» ЖШС шарт талаптарын орындаудан жалтарған. Сонымен қатар, 2014 жылғы 11 тамызда тараптар арасында тағы шарт жасалып, оған сәйкес мердігер Мақат МАС нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасауға міндеттелген. 6 030 158 теңге сомаға РВС-400 м3 №1 (жылу ұстағыштармен қаптау) жұмысын жасау. Жауапкер осы жағдайда да міндеттемелерін орындамаған», - делінген хабарламада.

Атырау облысының мамандан-дырылған ауданаралық экономи-калық сотының шешімімен жауапкер «У-А-С Сервис» ЖШС-ке 4 593 763 теңге мөлшерінде айыппұл мен өсімақы өндіріп алу туралы талап-арыз қанағат-тандырылды. Шешім заңды күшіне енді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

12 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.