Атырау, 8 қазан 16:41
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Аудан жаңалықтары

2 221 просмотра

Исатай ауданы

Осы жылдың шілде айынан бері Исатай ауданы Жанбай ауылына барар жолдар салынуда. Жұмыс құны - 545,4 млн теңге.

Мердігер - «АИС» ЖШС қарашаның аяғына дейін 6,5 км көшеішілік жолды және 1,8 км жаяу жүргінші жолын салып бітіруді көздеп отыр.

***

Исатай ауданында медицина қызметкерлерінің арасында «Қазақ келіндері» сайысы өткізілді.

Шараны ұйымдастырушы - облыстық денсаулық сақтау басқармасы кәсіподағы мен Исатай аудандық әкімшілік жанындағы отбасы, гендерлік саясат жөніндегі ұйым. Ұлттық дәстүрге негізделген сайыста ембике Нұржайна ӘЛЕНҒАЛИЕВА бас жүлдені жеңіп алды.

Индер ауданы

Индербор поселкесінің 80 жылдығы аталып өтілді.

Поселкенің тұрғындары мен қонақтарына поселкенің өткені мен бүгіні, борат кенінің өндірілуі туралы және шахтадағы жұмысшылардың ауыр жұмысы бейнеленген бейнеролик көрсетілді. Белгілі күйші Секен ТҰРЫСБЕКОВТЫҢ «Ақ жауын» концерті ұйымдастырылды.

***

Индерлік егіншілер үшін жауынның аз түсуі оңайға соғып отырған жоқ. Кеуіп кеткен жерді жырту өте қиын. Ал биыл 150 га алқап жыртылуы тиіс.

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВТЫҢ айтуынша, биыл аудан бойынша 1 073 га егін егілсе, келесі жылы 1 140 га жерге егу жоспарланып отыр. Оның басым бөлігі жаңбырлатып суарылмақ.

Құрманғазы ауданы

Құрманғазы ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша, биыл 60-қа жуық қыстақ болады.

Биыл ауданда 138 800 тонна пішен дайындалған. Мамандар мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруалар қысқа сақадай сай екенін хабарлады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.