Атырау, 29 қараша 05:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ұшақ жорта, ал көліктер шынымен өртенді

2 441 просмотра

Ұшақ жорта...

Атырау халықаралық әуежайына қонғалы жатқан ұшақтың оң жақ қозғалтқышынан өрт шығып, апаттық жағдайда жерге қонды - өрт-тактикалық жаттығудың «аңызы» осындай.

Бұл жолы өрт сөндірушілер әуе кемесіндегі өрт кезінде жабық кеңістікте қалған көп адамға қауіп төнген сәтте өз істерін сауатты жасауға үйрену мақсатымен жаттығу жасады. Олар жағдайды шындыққа жақындатуға тырысты: ұшақ ішінде құтқаруды қажет ететін адамдар болды, өрт те болды, дегенмен, ұшақты әуеге көтерген жоқ.

ТЖД-ның өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Жанар ҚАРЖАУБАЕВАНЫҢ айтуынша, шартты өртті сөндіруге қалалық гарнизонның 35-тен аса өрт сөндірушілері қатысып, «АТМА» АҚ өртке қарсы қызметі және ТЖД-ның жеті техникасы пайдаланылды.

...ал көліктер шынымен өртенді

Жыл басынан бері Атырауда 12 автокөлікте өрт шыққан.

Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының айтуынша, өрт көп жағдайда бензин түтігінің жыртылуынан пайда болады. Мұндай жағдай карбюраторда немесе газ баллонында жанудан да болады.

- Ең алдымен ток байланыстарын ажыратып, кілтті шығару керек, - дейді Атырау қалалық ТЖБ инженері Ринат ТҮМЕНБАЕВ. – Егер машина газбен жасаса, отын багындағы екі кранды жабу керек. Осыдан кейін жалынға өрт сөндіргіштен су құю керек; құм, топырақ, жабынды, киімдерді пайдалануға болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

12 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.