Атырау, 8 қазан 16:41
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Баласына базарлық бергісі келген ана түрмеге түсе жаздады

2 678 просмотра

Анасы жолға шыққан баласына базарлық – қызыл балықтың бір бөлігін – беремін деп бостандығынан айырыла жаздады.

Атырау қаласының №2 сотында сотталушы А.М.-ге қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, заңсыз айналысу») қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, әйел адам «Көктем» базарынан 3 000 теңгеге екі келі бекіренің кеспесін сатып алып, вокзалға Астанаға кететін баласын шығарып салуға барған. Алайда оны полиция қызметкерлері тыйым салынған затымен бірге перроннан ұстап алады.

Сот тексеруі кезінде, облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, жеңіл жаза беруді өтінген. Сот оны кінәлі деп тауып, кінәсін мойындағанын және бұрын сотталмағанын ескеріп, 1 жылға бостандығын шектеу түрінде жаза белгіледі.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

11 қараша 2015, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.