Атырау, 19 мамыр 15:18
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Педофил ісі бойынша үкім өзгеріссіз қалдырылды

2 569 просмотра

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы педофил үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Бұған дейін Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен И.С. кәмелет жасқа толмаған зардап шегуші Б.-ға қатысты оның дәрменсіздігін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін айыпты деп танылып, 15 жыл қатаң режимдегі түзету колониясымен жазаланған еді.

Өзінің апелляциялық шағымында сотталушы үкіммен келіспей, оның іс-әрекеттерін қылмыстық тексеру және сот органдары дұрыс бағаламағанын айтып, үкімнің күшін жоюды сұрады.

Апелляциялық алқа іс материалдарын зерделеп, оның кінәсі іс материалдарымен және сотта зерттелген дәлелдемелермен расталған деп танып, үкімді өзгеріссіз қалдырды және сотталушы мен оның адвокатының шағымын қанағаттандырмады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 қараша 2015, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.