Атырау, 19 мамыр 16:51
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​«Бізде тілдік кедергі жоқ»

5 068 просмотра

Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау филиалында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Алтынбек НЫСАНҒАЛИЕВ және облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғабдібек ХАБИРОВТЫҢ қатысуымен баспасөз конференциясы болып өтті.

А. Нысанғалиевтың айтуынша, Атырау облысында 280 мемлекеттік мәдениет мекемесі жұмыс істейді. Соның ішінде 155 кітапхана, 95 клуб бар, сондай-ақ музеи, халық шығармашылығы орталықтары және т.б., онда 2 229 адам қызмет етіп келеді.

Бұл саланы қаржыландыруға 2015 жылы облыстық бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінді. Соңғы екі жылда 26 мәдениет нысаны жөндеуден өткізілген. Қазір Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында және халық шығармашылығы орталығында күрделі жөндеу жүргізілуде.

Ғ. Хабиров баспасөз конференциясында Атырау облысында тіл мәселесі шешілген деп мәлімдеді:

– Бізде кез келген сауда нүктесінде, мейрамханаларда, кез келген халыққа қызмет көрсету орындарында орыс тілінде қалай қызмет көрсетілсе, қазақ тілінде де солай қызмет көрсетіледі. Қазақ тілінде бәрі жақсы түсінеді және жауап береді.

Оның айтуынша, бүгінде Атырау облысында 2 700-ден астам мемлекеттік қызметші Қазтест тапсырған. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған Қазтест білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, 2013 жылы өткізіліп келеді. Қазір оны ХҚКО, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медиктер мен педагогтар тапсыруда.

Әлеуметтік сауалнама мәліметіне сәйкес, облыстың 97 пайыз ересек тұрғындары қазақ тілін біледі және сөйлейді екен (ел бойынша орташа алғанда – 72 пайыз).

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

9 қараша 2015, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.