Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Оператордың Теңіздегі ауыр қателігі

3 540 рет қаралды

Жылыой аудандық соты ТШО операторына ҚР ҚК нің 156-бабы 2 тармағымен («Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу іс-әрекеті») үкім шығарды.

Жылыой аудандық прокуратурасының аға прокуроры Алтынгүл ИСМАГУЛОВАНЫҢ айтуынша, оқиға осы жылдың 15 қаңтарында орын алған. Оператор 200 қондырғының 3 ниткасындағы «Ғ-209» аппаратының ішінде газдың бар-жоқтығын тексеру мақсатында задвижканы ашқан. Бірақ, ол мұны жұмысшылардың ғимараттан шығып кеткенін тексеріп алмай жасаған. Задвижканы ашқан кезде сұйық зат жұмысшылардың бірінің бетіне шашырап, ол сол жерде ес-түссіз құлап, бірден ТШО клиникасына жеткізілді. Медиктер зардап шегушінің тыныс алу жолдарының уланғыш заттармен уланып, ауыр дене жарақатын алғанын анықтап отыр.

ТЖ-ға кінәлі сот үкімімен 277 000 теңге айыппұл төлейтін болды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қараша 2015, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.