Атырау, 26 қараша 08:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Непал футболшыларына мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылды

1 906 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалда бірқатар футболшыға 2011 жылы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде алдын ала сөз байласып, ойнағаны үшін мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылды, деп хабарлады щетелдік БАҚ.

Билік мәлімдемесіне сәйкес, ойыншылар үш апта бұрын тұтқындалған. Тергеушілер олардың банк есепшоттарында ірі сома барын анықтады. Олар ақша үшін ойыннан жеңілуге келіскені үшін айытпалмақ.

Айыптау тарабы егер олардың кінәсі дәлелденсе, қатаң жаза - өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрамақ.

Олардың ішінде құрама капитаны Сагар Тапа, қақпашы Ритеш Тапа, сондай-ақ бұрынғы бапкер Кейси Анджан бар. Жергілікті футбол федерациясы талқылау аяқталғанға дейін оларға алаңға шығуға тыйым салды.
Айыпталушыларға қарсы сот ісі жексенбі күні тіркелді.

Дереккөз: inform.kz

9 қараша 2015, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.