Жақында Еуроодақтың басқарушы мекемелері жаңа жоспармен бөлісті: Еуропаны жаулап алған мигранттардың бір бөлігін қайтару мақсатында, ЕО Африка елдеріне көлемді қаржылай көмегін ұсынады. Бұл жайлы Брюссельдегі ақпарат көздеріне сілтема жасап, Sunday Telegraph газеті хабарлады.
«ЕО мүше мемлекет министрлері жақында миграциялық дағдарысқа байланысты түбегейлі шешімге әкелетін жоспар дайындады»,- деп хабарлайды ТАСС. Журналистердің хабарлауынша, жаз мезгілінде Еуропаға пана сұрап келген 800 мың босқынның кішкене бөлігін қайтару үшін, ЕО өз тарапынан қомақты қаржылай қолдау көрсетуге дайын.
Ақпарат көздеріне сүйенсек, Африка елдеріне, оның ішінде - Эфиопия, Судан, Уганда және Кенияға жалпы көлемі – 1,3 млрд фунт (2 млрд доллар) төленетін болады. Жақын арада арнайы мақсатты қор құрылып, аталмыш жоба іске асады деп күтілуде.
Дегенмен, Африка елдері 10 мыңнан астам босқынды қайта қабылдауы үшін, Брюссель өз тарапынан сол мемлекеттегі «аса білікті» жұмыскерлерге «визалық жеңілдіктер» қарастыру керек болады.
«Жалпақ тілмен айтқанда, бұл жағдай Африканың мыңдаған студент, дәрігер, жеке кәсіп мамандарына Еуропа есігі айқара ашылмақ»,- деп хабарлады Sunday Telegraph. «ЕО заңсыз жүріп жатқан көші-қонды енді заңдастырғалы жатыр»,- деп тұжырымдады Ұлыбритания Патшалығы Тәуелсіздік партиясының (UKIP) көшбасшысы Найджел Фараж. Сонымен қатар, Найджел мырза Ұлыбританияның ЕО қатарынан шығып, мигранттар үшін шекараны жабуды мақсат тұтатынын да жасырмады.
Дереккөз: bnews.kz
9 қараша 2015, 10:09