Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда жалған полицей ұсталды

2 769 рет қаралды

Атырауда тағы бір жалған полицей ұсталды Ұрыға полицей киімі ұнаған»).

4 қарашада түн ортасынан кейін «Батыс-35» полицей патрульдік машинасының экипажы Жеңіс бағының аумағын шарлап жүріп, төрт жас жігітті кездестіреді. Олардың бірі жол-патрулі қызметкерінің формасын киіп алған.

Жасыл түсті сәуле шағылыстыратын кеудеше мен полицей фуражкасын киген 21 жастағы жігіттің қолында асатаяғы болған, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. – Оның айтуынша, ол полицей атрибутын ғаламтор арқылы сатып алыпты.

Жалған полицейге қатысты ҚР ҚК-нің 390-бабы («Билік өкілінің атағын өз бетiмен иемденіп алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қараша 2015, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.