Атырау, 26 қараша 08:42
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ Украинаға миллиард доллар несие бөлмек

2 238 просмотра

Ақ үй Украинаға реформаларын ары қарай жалғастырып, коррупциямен күресуі үшін қосымша 1 миллиард доллар несие бөлетінін хабарлады. Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлескен АҚШ вице-президенті Джо Байден (суретте) АҚШ Украинаға көмегін жалғастыра беруге дайын екенін, бірақ ол үшін Киев алдымен экономикалық реформаларды жүргізуі тиіс екенін айтқан.

Украина АҚШ несиесі мен халықаралық валюта қоры бөлген 1,7 миллиард долларды парламент пен қаржы министрлігі арасында салық төлемдерін азайтуға қатысты дау шыққанға дейін алып қойған.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк 4 қарашада салық мөлшерін азайту жоспарының тығырыққа тірелуі үкіметтің 2016 жылға арналған бюджет жобасы мен халықаралық несие алу келіссөзіне нұқсан келтіреді деп ескерткен.

Депутаттар салықты біртіндеп азайту керек десе, қаржы министрлігі мұны мүмкін емес дейді.

«Қазір Батыс елдері арасында жақтастарымыз көп, бұл одақтастар бізді саяси ерік-жігерімізді, жауапкершілігімізді және реформалар жүргізгенде құндылықтарымыз бен түпкілікті мақсатымыздың өзгермейтінін білдірген жағдайда ғана қолдайды. Барлығымыздың ұстанымымыз бірдей болуы керек» деген Яценюк.

Дереккөз: azattyq.org


6 қараша 2015, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.