Атырау, 31 қазан 12:53
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Раушан Оспанованың жеке кәсібі

1 481 просмотра

Көз жанарынан кемістігі бар Раушан ОСПАНОВА (суретте) өзінің жеке кәсібін ашуды жоспарлап отыр.

Раушанның екі жоғары білімі бар, біріншісі- экономикалық. Алайда көзі нашар көретін қызды ешкім жұмысқа алғысы келмегендіктен басқа мамандықты игеруге тура келген. Сөйтіп, ол Кисловодскдегі көздері кемтарлар оқитын колледжге оқуға түсіп дипломды массаж жасаушы мамандығын игерген. Қазір 3-ші емханада жұмыс істейді, алдағы уақытта өзінің жеке шаруасын ашқысы келеді. Бірақ ол үшін арнайы массаж кереуеті қажет.

Міне, дәл осы сыйлықты ол жақында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан алды. Алайда көп адамдар бұл қорда мүгедек жандардың кәсіпкерлікпен айналысуын қолдап, олардың біліктілігін көтеруге бағытталған арнайы «Даму-Көмек» бағдарламасы бар екендігін біле бермейді. Осы мақсатта бизнес-оқу сабақтары бар.

«Жұмыс берушілерге мүгедектерге арнайы жұмыс жеңілдігімен жұмыс беру және оны төлеу әрине тиімсіз. Сондықтан олар тек аз төленетін жұмысқа ие бола алады»,-дейді «Даму» қоры директорының орынбасары Ақан ҚАЙЫРҒАЛИЕВ.

Біздегі елімізде 410 мыңнан астам мүгедектер бар, олар жалпы халықтың бар болғы 3 пайызын ғана құрайды. Олардың тек 9 мыңы жұмысқа орналасқан. Ал басқа дамыған елдерде мүгедектердің 40% жұмысқа ие.

Біздің мүгедек жандар үшін дербес өмір сүрудің бірден-бір жолы - өз кәсібін ашу. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының «Даму-Көмек» бағадарламасы соған арналған. Биыл ол сегіз мүгедекті тігін машинасы, электр арасы, көшірме аппараты тәрізді құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Сурет автордікі

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.