Атырау, 29 қараша 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Селолық округке арналған газ бен су

2 018 просмотра

Қайыршақты селолық округінде Аспа учаскесіндегі 16 үйді газбен жабдықтайтын құбырлар іске қосылды.

Газ шалғайдағы 120 адам тұратын селолық округке қала маңындағы инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында жүргізілген.

– Бір жарым километр болатын газ құбырын Бесікті поселкесінен бастап Аспа учаскесіндегі 16 үйдің барлығына жүргізді. Олардың сегізіне қазір газ қосылып тұр, қалғандарына таяу уақытта қосылады. Учаскеде енді қажеттінің бәрі: су, жарық, коммуникация құралдары бар, - деді Қайыршақты селолық округінің әкімі Шафхат ҚАЛИЕВ. Ал Қайыршақты селолық округінің әкімшілік орталығы – Томарлы поселкесінде сол күні Москва көшесінің бойымен су құбыры ашылды. «Астаналық» атауына қарамастан бұл көшенің тұрғындары таза суды 10 жыл күтті.

Магистралды желінің 200 метр су құбыры салынды. Жұмыстарды «Алау-Құрылыс» ЖШС орындады. Ескі су құбырының тозығы жеткен тұрбаларынан тотты су ағып тұрды. Қыста тұрба қатып қалатын. Тұрғындар техникалық нормаларды сақтамай, құбырларды өз күштерімен жүргізді. Жаңа су құбыры арқылы осы проблемалардың бәрі шешілді, - дейді қуанған Ш.Қалиев.

Нысанның ашылуына қатысқан Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ томарлылықтардың поселкеішілік жолдардың жоқтығына қатысты айтқан талаптарына жауап ретінде, келесі жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында поселкеде тиісті жұмыстардың басталатындығын айтты.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

6 қараша 2015, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.