Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримованың ісі бойынша Vimpelcom телекоммуникациялық холдингінің бұрынғы басшысы Джо Лундер 4 қараша күні қамауға алынды. Бұл туралы норвегтің NRK телеарнасы хабарлады.
Экс-менеджердің адвокаты Като Шутцтің мәнбесіне сүйенген компания тілшісі оқиғаның өзбек лидері қызының ісімен байланысты болғанын жеткізді.
Адвокат әзірге айыптау қорытындысын өз көзімен көрмегенін айтты. Бірақ мәселенің Vimpelcom компаниясының Өзбекстанда жемқорлық сипатында жасасқан келісімін тексеру барысынан туындап отырғанына күмән келтірмейтінін білдірді.
Бұл оқиғада Джо Лундердің есімі Гүлнара Каримоваға $220 миллион көлемінде пара беруші ретінде аталады. Сонымен бірге, Шутц холдингтің бұрынғы басшысының Өзбекстандағы жемқорлық келісіміне ешқандай қатысы жоқ екенін алға тартады.
«Лундер Лондоннан келіп тұрғанында, Норвегия астанасының аэропортында ұсталды», – деп анықтай түседі NRK. Қазіргі таңда ол құлып астына алынып, тергеуді күтіп отыр. Прокурор Марианна телеарна тілшісіне Лундердің жемқорлық айыбы бойынша тұтқынға алынғанын растап берді. Ал Vimpelcom өкілдері әзірге Лундердің қамалғаны жайында ешқандай түсіндірме бере қойған жоқ.
АҚШ әділет министрлігі, Американың құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясы және прокуратурасы 2014 жылдан Azercell акцияларының жартысын иемденіп отырған Vimpelcom, МТС және TeliaSonera компанияларына қатысты «өзбек ісін» зерттеп келеді. Аталмыш телекоммуникациялық компанияларға елдің президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнара Каримованың төңірегіндегі құрылымдарға негізсіз ақы төледі деген күдік келтіріліп отыр. Корпоративті зерттеулерге мамандандырылған тәуелсіз Muddy Waters Research қазан айының ортасында TeliaSonera компаниясының Өзбекстандағы жемқорлық іс-әрекеттерінің ықтимал айып пұлы $1 млрд. сомасынан асып түседі деп бағалады.
Осы аптада Vimpelcom реттеушілермен және құқық қорғау органдарымен келіссөздер жалғасып жатқанын, олардың тексеру мерзімінің бітер уақыты белгісіз екенін, бірақ компанияның төлем төлейтін бола қалған жағдайда керек етілетін $900 млн. Ақшаны резервке қойып отырғанын мәлімдеді. Норвегия билігі (Telenor акцияларының 53,97%-ы Норвегияда, ал Vimpelcom-ның онда 33% акциялары бар) Telenor директорлар кеңесі өзбек мәселесімен жеткіліксіз айналысты деп есептеп, кеңес төрағасы Свейн Осерді 30 қазан күні сенімнен айрылған адам ретінде отставкаға жіберді. 2014 жылғы желтоқсанда Telenor «өзбек ісінің» салдарынан өзінің жоғары лауазымды қызметкерін жұмыстан қуды: бас директор Йон Фредерик Баксаас орнын босатты.
Дереккөз/фото: alashainasy.kz