Атырау, 19 мамыр 13:51
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

NASA: Марсқа тек АҚШ азаматтары ұшады

1 240 просмотра

Америкалық ғарыш агенттігі (NASA) Марсқа ұшатын астронавтарды іріктеу бағдарламасын жариялады. Бұл туралы агенттік сайтында хабарланды.

Қызыл ғаламшарға сапар шегуден үміткерлер 14 желтоқсаннан бастап, 2016 жылғы ақпан айының ортасына дейін іріктеледі. Байқаудан өткен астронавтардың есімдері 2017 жылы жарияланады. Бірақ олар Марсты бетке алмас бұрын Orion ғарыш кемесінің сынағына қатыстырылады. Агенттіктің үміткерге қоятын басты талабы - астронавт АҚШ азаматы болуы тиіс. Сондай-ақ болашақ астронавт реактивті ұшақты басқарудан 3 жылдық тәжірибесі бар екендігін дәлелдейтін құжаттарды тапсыруға міндетті, деп жазады epochtimes.ru.

Дереккөз/фото: 24.kz

6 қараша 2015, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.