Атырау, 29 қараша 05:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Су тағы да аз болады

2 821 просмотра

Ресейлік сушылар Ириклинск су қоймасынан Жайық арнасына құйылатын судың үштен бірін қысқартпақшы. Қазір Орынбор облысындағы бөгет аузынан шығатын судың жылдамдығы секундына 20 текше метр. Егер Орал тауларында қыста тағы да жауын-шашын аз болса, ресейліктер суды осылайша үнемдемек.

Жайық-Каспий бассейні су шаруашылығы инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, алдағы қыста Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылу қаупі өзекті болмақ:

- Егер балық қорына қауіп төнсе, біз ресейліктерден суды жіберуді арттыруды сұрауға мәжбүр боламыз. Бұрын Атырау аумағындағы өзен суының деңгейі тұрақсыз және желдің бағытына тәуелді болды. Жел теңізден соққанда, өзен деңгейі көтерілді, ал кері бағытқа соққанда су тез тартылатын. Қазір теңіз тасуының әсері жоқ деуге болады. бұл Каспий теңізі деңгейінің төмендеуімен байланысты. Егер бұл 90-жылдары әлемдік мұхит деңгейімен салыстырғанда - 26,4 метр болса, қазір - 28 метр. Осыған байланысты су еш кедергісіз теңізге оңай құйылып жатыр.

Каспий теңізі су деңгейінің 78%-ы Еділ өзенінен құйылатын суға байланысты. Ресейлік әріптестердің айтуынша, енді 7-8 жылда Жайық-Еділ бассейнінде су аз болады.

Не істеу керек? Б. Қуанов бірнеше жылдан кейін үлкен су келіп, өзен қалпына келеді деп үміттенеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қараша 2015, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.