Атырау, 26 қараша 08:35
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Румынияда үкіметтің отставкаға кетуіне қарамастан жаппай ереуілдер тоқтамай тұр

1 497 просмотра

Румыния премьер-министрінің басынан бақ тайды. Виктор Понта отставкаға кететінін жария етті. Министрлер кабинетінің басшысы жаппай наразылық шараларынан кейін орнын босатуға мәжбүр. Понта жаңа үкімет жасақталғанша міндетін атқара тұрмақ. Бірақ ереуілшілерге бұл жеткіліксіз болып тұр.

Ондаған мың адам барлық үкімет мүшелері орындарын босатып, парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді талап етуде. Белсенділердің бұл үндеуін бірқатар саяси ұйым қолдап шықты. Олардың арасында қазіргі ел президенті басқаратын Ұлттық-либералдық партия да бар. Бұдан басқа, румын прокуратурасы премьер ақша жымқырып, салық төлеуден жалтарды деп күдіктенеді. Сарапшылар үкімет жұмысына деген наразылықтың бұрыннан ушыққанын айтады. Ел астанасы Бухаресте 31 қазанда болған өрт үкіметке көңілі толмайтындардың шыдамын шегіне жеткізген апат болды. Қайғылы оқиға кезінде 32 адам ажал құшып, 200-ге жуығы жарақат алған.

Дереккөз: 24.kz

5 қараша 2015, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.