Беларусь Президенті Александр Лукашенко 4 қараша күні «Беларусьтің ақша бірлігінің деноминациясын өткізу туралы» №450 жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды БЕЛТА.
БР Президенті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған құжат бойынша 2016 жылдың 1 шілдесінде Беларусь Республикасының ресми ақша бірлігі деноминацияланып, 2016 жылдың 31 тамызына дейін айырбастау жұмыстары жүргізілмек.
2016 жылдың 1 шілдесінен бастап – 5,10, 20, 50, 100, 200 және 500 рубльден тұратын жеті атаулы құн банкноты, 1, 2, 5, 10, 20 және 50 тиыннан құралған сегіз монета түрі айналымға түседі. Ұлттық банк шығарған естелік банкноттары жоғарыда аталған мезгілден бастап барлық төлем түрлері арқылы айырбасталады.
Жарлық бойынша, 2009 жыл үлгісіндегі 1 беларусь рублі – 100 беларусь тиынына тең. 2016 жылдың 1 шілдесі мен 31 тамызы аралығында 2009 және 2000 жылғы ақша белгілері бірге қолданылады. Ескі ақша банкноттарын жаңасына 2017 жылдың 1 қаңтарынан – 2019 жылдың 31 тамызына дейін айырбастауға болады.
Тауар өндіруші, сатушы және тасымалдаушылар 2009 және 2000 жылғы банкнот үлгілеріне сәйкес екі түрлі тарифті қатар көрсетуге міндетті.
БЕЛТА-ның мәлімдеуінше, беларусь рублінің деноминациясы жайында Александр Лукашенко алғаш рет 2014 жылдың 2 ақпанында хабарлаған.
Беларусь Республикасының 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап айналымға түсетін жаңа банкнот дизайны «Менің елім – Беларусь» («Мая краіна – Беларусь») ұранына бағытталып жасалған. Әр банкнот Беларусь облыстарының біріне және Минск қаласына арналып безендірілген.
Дереккөз: bnews.kz
5 қараша 2015, 15:39