Атырау, 19 мамыр 14:44
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

НАСА Марсқа ұшатын астронавттарды іріктеуді бастады

1 674 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа астронавттарды іріктеудің белсенді кезеңі 14 желтоқсанда басталып, 2016 жылғы ақпан айының ортасында аяқталады. Бұл туралы НАСА өз сайтында хабарлап отыр.

Бұл жобаға тек АҚШ-тың бакалаврдан жоғары білім алған азаматтары ғана қатыса алады, олар инженерлер, математиктер, физиктар, биологтар ғана болуы тиіс. Оған қоса, олардың ұшақ басқаруда кем дегенде үш жыл жоғары тәжірибесі болуы керек.

Жоба аясында Orion кемесінде ұшу-жаттығулар өткізетін астронавттарды іріктеу өткізіледі. АҚШ адамдардың Қызыл ғаламшарға ұшуын дәл осындай кемеде жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Іріктеуден өтетін астронавттар әзірге Марсқа ұшпайды, басқарылатын Orion кемесінде зерттеулерге қатысады, оларға 2020 жылы кірісу жоспарланып отыр. НАСА сондай-ақ өте қажет қызметкерлерді жұмысқа ала бастайды. Алдағы уақытта жаңа қызметкерлер SpaceX және Boeing екі басқарылатын кемемен ХҒС-ға ұшып барады.

Дереккөз: inform.kz

5 қараша 2015, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.