Атырау, 26 қараша 08:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ пен Израиль ғарышқа бірінші болып қару-жарақ орналастырмау туралы резолюцияға қарсы шықты

2 330 просмотра

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – БҰҰ-да АҚШ, Израиль мен Украина ғарыш кеңістігінде бірінші болып қару-жарақ орналастырмау туралы резолюцияға қарсы шықты, деп хабарлады ТАСС.

Хабарда айтылғандай, осы құжатқа дауыс беру сейсенбі күні БҰҰ бас ассамблеясының 1-ші комитетінде өтті.

«Резолюцияны БА қарауына Ресей 25 мемлекетпен бірлесіп, оның ішінде Беларусия, Қазақстан, Қытай, Пәкістан және Сириямен бірлесіп ұсынып, басым дауыспен қабылданған. Оны қолдап 122 мемлекет дауыс берсе, 47 мемлекет, негізінен ЕО елдері, қалыс қалды», - деп жазады агенттік.

Сәрсенбі күні таратқан түсініктеме хатта американдық делегация ресейлік бастаманың «бірнеше елеулі проблемалары барлығын» айтады.

«Біріншіден, бастамада «ғарыштық кеңістіктегі қару» дегеніміз не екендігі анық емес. Нәтижесінде мемлекеттерде қолдаланылып отырған терминнің жалпы түсінігі жоқ», - деп атап көрсетеді АҚШ.

Екінші тармақпен американдық тарап ғарыш кеңістігінде бірінші болып қару-жарақ орналастырмауға «мемлекеттердің саяси берілгендігін тиімді тексеру» мүмкін еместігін атады.

«Үшіншіден, бастама тек ғарышқа орналастырылған қаруға ғана қатысты. Ол спутниктерге қарсы жерде орналасқан қаруды есепке алмайды және соның салдарынан өзара сенімсіздікті төмендетуге емес, өсуіне септігін тигізуі мүмкін», - делінген хабарда.

Бұл ретте АҚШ біржақты және көпжақты форматта «ғарыш кеңістігіндегі шиеленістің таралуына жол бермеуге тырысатынын» қадап айтты.

Дереккөз: ҚазТАГ

5 қараша 2015, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.