4 қарашада Атырауда екі күндік ҚР ТЖМ республикалық «Қыс-2015» оқу-жаттығу шаралары басталды.
Таңертең «Бәйтерек» сауда үйінің маңындағы алаңда облыстық құтқару қызметінің арнайы техникасы байқаудан өткізілді. Бесікті поселкесінде Жайық өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі мен күшті жел жағдайында бүлінген қорғаныс бөгетін қалпына келтіру әрекеттері жүргізілді. Атырау – Индер трассасында қаладан 25 шақырым қашықтықта құтқарушылар қар күртігінде қалған автобус пен жеңіл көліктен адамдарды шығару әрекеттерін меңгерді.
5 қарашада коммуналдық қызметтердің оқу-жаттығу шаралары өтеді. Мысал: Атырау ЖЭО-да апат орын алады, алайда облыстың энергетикалық «жүрегі» тоқтамауы тиіс.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор