Атырау, 8 қазан 11:39
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Оқиғалар тізбегі

1 587 просмотра

Жылыой аудандық ауруханасынан 1 қарашада АІІБ кезекші бөлімшесіне кеудесінен жарақат алған ер адамның түсіп, жансақтау бөлімінде қайтыс болғандығы туралы хабарлады. ҚР ҚК-нің 106-бабы («Зардап шегушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Марқұм 36 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты.

***

Қазанның 28-іне қараған түні белгісіз біреулер терезені сындырып, Тайманов даңғылы бойындағы жанар-жағармай құю бекетінің орынжайына басып кіріп, кассадағы қолма-қол ақшаны қолды қылған (зиян мөлшері анықталуда). Бірнеше минуттан кейін көрші Жарбосынов көшесіндегі азық-түлік дүкенінің орынжайына кірген кезде күдіктілерді «Батыс» патрульдік тобы ұстады. Олардың бірі 30 жаста, екіншісі екі есе кіші. Олар «Хёндай Акцент» көлігімен жүрген. Тергеу жүргізілуде.

***

Қазанның 27-нде талтүсте Атырауда электроника дүкенінен құны 13900 теңге тұратын шаңсорғыш ұрланып кеткен. Күдіктінің жеке басы анықталды. 26 жастағы қала тұрғынына іздеу жарияланды.

***

Атырау қаласының тұрғыны тамыз айында «Дина» базарында ұрлық жасады деген күдік бойынша ұсталды. 38 жастағы әйелдің «айфоны» мен 72 мың теңгесі салынған сөмкесі ұрланған болатын. Тергеу жүргізілуде.

***

Құлсары қаласында 22 қазан күні белгісіз біреу терезені сындырып, азық-түлік дүңгіршегінің орынжайына баса көктеп кіріп, азық-түліктер ұрлаған. Қылмыс жасады деген күдікпен 12 жастағы жасөспірім ұсталды.

***

Тал түсте «Дина» базарын-дағы бутиктердің бірінен матадан жасалған он құлақшын жоғалып кеткен. Зиян 20 мың теңгені құрады. Ұрлық жасады деген күдікпен 42 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды. Ол мойындау жауабын берді.

***

Привокзальныйда 29 қазанда полицейлер ұрлық жасады және ұрлық жасауға әрекет жасады деген күдікпен Атырау қаласының 16 жастағы тұрғынын ұстады. Бастапқыда Чехов көшесінде тұрған «Лада» ВАЗ-2115 көлігінен 15 мың теңге ұрланды. Жарты сағаттан кейін Привокзальныйда тұрған «Лада» ВАЗ-2114 көлігінен ұрлық жасауға әрекет еткен. Ұры ұсталды.

***

Биылғы жылдың маусымында 26 жастағы әйелге қоңырау шалып, полиция қызметкерімін деп таныстырып, күйеуінің оқ ататын қарумен ұсталғанын, бірақ 5 мың долларға «бұл мәселені шешуге» дайын екенін айтқан. Бес ай бойына оның телефоны ажыратулы болды. Ұялы телефон қосылған кезде күдікті ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

5 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.