Атырау, 8 қазан 11:40
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

«Тазалап» кетті

2 657 просмотра

Махамбет аудандық соты мектептің еден тазалаушысына қатысты қылмыстық істі қарады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, А.К. ҚР ҚК-нің 188-бабында («Ұрлық») қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталды. Биылғы жылдың шілдесінде сотталушы химия кабинетінің зертханасынан екі клавиатураны, «Акер» маркалы процессорды және «НР Лазер» маркалы принтерді пластик шелекке салып алып кетіп, еден жуушы болып жұмыс істеген «Талдыкөл» мектеп-балабақшасына 93 433 теңге мөлшерінде материалдық зиян тигізген.

Медиация тәртібімен сотталушының зардап шегуші тараппен ымыраласуына және тигізілген зиянды өтеуіне байланысты сот ҚР 68-бабының 1-тармағының негізінде әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Қылмыстық іс тоқтатылды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

5 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.