Атырауда күрделі жөндеуден кейін екі балабақша ашылды. Бұлардың есебінен мектепке дейінгі басқа мекемелер жеңілдейтін болады.
Бұрын Балықшыдағы шипажай түріндегі виражды (туберкулез ауруына бейім) балаларға арналған «Айгөлек» балабақшасы бейімделген жеке екі ғимараттан тұрған. Ас үйі жеке баракта болды, спорт залы мен медициналық қосыны болған жоқ. Ал КТК қаржысына жүргізілген күрделі жөндеуден кейін ол 21 баланың орнына 100 баланы қабылдауға әзір. Әрі балабақша өзінің атауы мен бейінін өзгертті. Виражды балаларды жөндеу басталғанға дейін №8 шипажай түріндегі балабақшаға ауыстырды.
- Атыраудағы мектепке дейінгі мекемелердің жүгін жеңілдету бағдарламасына сәйкес, жөнделген «Мөлдір» балабақшасына біз Балықшыда тұратын, бұрын қаланың басқа аудандарындағы балабақ-шаларға баруға мәжбүр болған балаларды жібереміз, - дейді қала әкімінің орынбасары Гүлмира ШӘКІРОВА. – Балықшыда бұрын тек бір балабақша болды. Оған барғысы келгендердің барлығы сыйған жоқ. Сондықтан балаларды үйлерінен алыс жерлерге жіберуге тура келді.
Сонымен қатар «Атырау» шипажайы маңында КТК қаржысына күрделі жөнделген 140 орындық «Счастливое детство» балабақшасы ашылды. Бұдан басқа, компания тағы 10 мектепке дейінгі мекемеге көмек көрсетуді өз мойнына алып, осы мақсатқа 180 млн теңге бөлді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА