Румыния премьер-министрі Виктор Понта Бухаресте түнгі клубтағы өрттен соң болған наразылық шерулерінен кейін үкіметтің отставкаға кеткенін мәлімдеді.
"Мен мандатымды тапсырамын, әрине, мен басқаратын үкімет те отставкаға кетеді" деді бүгін Понта мәлімдемесінде.
3 қарашада 20 мыңға тарта адам Бухаресте үкімет үйінің алдында 32 адам қаза тапқан түнгі клубтағы өртке наразылық танытып, премьер мен ішкі істер министрі Габриеэль Опреаның отставкаға кетуін талап еткен. Клубтағы өрттен 200-ге тарта адам зардап шеккен.
Демонстранттар өртке биліктегі коррупцияны айыптаған.
Дереккөз: azattyq.org