Атыраудағы Досмұхамедов және Молдағұлова көшесі қиылысындағы букмекерлік кеңсе маңында топтық төбелес болып, кейкілжің барысында букмекерлік кеңсенің 26 жастағы күзетшісіне пышақ салынып, оқиға орнында қайтыс болды.
Қылмыс жасады деген күдікпен Махамбет ауданы Сарытоғай ауылының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-тармағы бойынша («Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
В Атырау +4