Оңтүстік Суданда 25 адамы бар ресейлік жүк ұшағы құлады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оңтүстік Судан президентінің әкімшілігі ақпаратты растады. Бортта 25 адам болған. Екі адамынң тірі қалғаны анықталды: бір ересек, бір бала. Әкімшілік өкілі Атени Век қаза тапқандардың наты санының қазіргі кезде анықталып жатқанын айтты.
South Sudan Tribune басылымы ұшақта экипаждың бес мүшесі және жеті жолаушының болғанын хабарлады. Жергілікті басылымның мәліметінше, апат Оңтүстік Суданның астанасы Джуба қаласының әуежайынан ұшқаннан кейін болған. Ұшақ Палоч (Paloch) қаласына бет алған екен.
Оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, ұшақтың қанаты мен басқа да бөлшектері Ақ Ніл өзенінің жағасына құлаған. Олар апат болған жерде 40 шақты дененің жатқанын айтты. Полициядағы дереккөз 41 адамның қаз тапқанын хабарлады.
РФ транспорт министрінің кеңесшісі ұшақтың Росавиацияда тіркелмегенін, ал экипажда жалдамалы жұмысшылардың болғанын айтты. "Антонов" авиакәсіпорны Ан-12 жүк ұшағының құлауы туралы ақпаратты тексеріп жатыр.
Судан қорғаныс министрлігі ұшақтың апатқа ұшырауы туралы ақпаратты әзірше растамаған. "Біз қорғаныс министрлігімен, Оңтүстік Судан сыртқы істер министрлігімен, транспорт министрлігімне байланыстық. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Нақты ақпарат белгілі болған кезде бізге хабар береді", - деді Ресейдің Оңтүстік Судандағы елшілігінің өкілі Радмир Гайнанов.
Дереккөз/фото: tengrinews.kz