Атырау, 26 қараша 08:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

A321 ұшқыштары техникалық ақаулар туралы хабарламаған - "қара жәшік" мәліметтері

1 778 просмотра

Ресейлік А321 лайнерінің "қара жәшігіндегі" алдын ала мәліметтер бойынша, ұшқыштар ұшақтың техникалық ақаулары туралы хабарламаған, бұл туралы РИА Новости Wall Street Journal дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Тергеуге жақын, жасырын дереккөзінің хабарлауынша, "Когалымавиа" компаниясы ұшағының экипажында төтенше жағдайға әрекет ететін уақыт мүлде болмаған. Оның сөзін бұған дейін жарияланған БАҚ хабарламалары теріске шығарып отыр. Хабарламаларда ұшқыштардың төтенше жағдай туралы білгендері және ұшақ құлай бастағанда ол проблемалармен күресуге тырысқандары айтылған.

Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.

Бұған дейін Мысыр билігі Airbus A321 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты өз нұсқасын атады. Мысыр билігі ресейлік Airbus A321 ұшағының әуе апатына ұшырауына техникалық ақаулар себеп болды деп есептейді. Ал Stratfor барлау-сараптама компаниясының сарапшылары ресейлік А321 лайнерінің Синай түбегінде құлауына борт ішінде жарылған бомба себеп екенін атады.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 қараша 2015, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.