Бүгін, 3 қарашада, сағат 12.10 шамасында Атырау – Алматы бағытында жолға шыққан №41 жолаушылар пойызы вагондарының бірі түтінге толды.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады: «Жолаушылар басқа вагондардағы бос орындарға орналастырылып, пойыз өз жолын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздың Алматыға жету уақыты – қозғалыс кестесі бойынша. Вагонның түтіндеу себебі анықталып жатыр», - дейді хабарламады.
Анықтама қызметі хабарлағандай, бұл қарапайым пойыз, яғни, жүйрік пойыз емес. Атыраудан 10.20-да шығып, Алматыға 5 қарашада сағат 11.27-де жетуі тиіс.
Оқиғаны көзбен көрген, осы пойызда келе жатқан адамның жіберген бейне жазбасынан вагонның ашық өртеніп жатқаны анық көрінеді.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА