Атырау, 26 қараша 08:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ барлауы: A321-ге теракт жасалғанына дәлел жоқ

1 968 просмотра

Image 0АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры Джеймс Клэппер.АҚШ-та Синай түбегінде апатқа ұшыраған ресейлік ұшаққа теракт жасалды деген болжамды растайтын дерек жоқ деп мәлімдеді АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры Джеймс Клэппер. Оның сөзінше, әзірге ұшақ апатына теракт себеп болуы мүмкін екеніне тікелей айғақ жоқ. "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының мұндай шабуыл жасауға мүмкіндігі бар деу қисынсыз" деген Клэппер әзірге аталған болжамды жоқақ шығара алмайтынын да айтты.

Бұған дейін ИМ-нің Египеттегі бөлімшесі Ресейдің Metrojet компаниясының Airbus A321 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына жауапкершілікті мойнына алғаны туралы хабар тараған. 31 қазан күні Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке ұшып шыққан ұшақ Синай түбегінде апатқа ұшырап, борттағы 224 адам түгел қаза тапқан.

Кеше Росавиация басшысы Алексендр Нерадько ұшаққа сыртқы әсер болғаны туралы болжамның "ешқандай нақты фактіге сүйеніп жасалмағанын" және ұшақ апатына не себеп болғаны туралы айту әзірге ерте екенін мәлімдеген.

Бұған дейін Metrojet компаниясы апатқа "жалғыз қисынды себеп - сыртқы механикалық әсер ету" себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Қазір ұшақтың "қара жәшігін" оқу жұмысы Египетте жүріп жатыр. Оған Ресейден, Airbus концерні мен ұшақ тіркелген Ирландиядан сарапшылар тартылған.

Ресей мемлекетаралық авиация комиссиясының басшысы Виктор Сороченко апат орнын шолып шыққан соң ұшақ сынықтарының үлкен аумаққа шашылып түсуі оның әуеде жарылып кеткенін көрсетеді деген. Бірақ Египеттің авиация саласы басшылары ұшақ апатына техникалық ақау себеп болуы ықтимал дейді.

Дереккөз/фото: azattyq.org

3 қараша 2015, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.