Tengrinews.kz. ҚР Ішкі істер әскері қатарында келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметкер бұйрықты орындамағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.
5546 ә/б-нің әскери полиция бөлімінің аға тергеушісі Жасын ҒАБДУЛЛИННІҢ айтуынша, әскери бөлім командирінен процессуалдық шешім қабылдау үшін кіші сержант Г.М.-ге қатысты қызметтік тергеу материалы келіп түсті.
12 қыркүйекте кіші сержант кинологиялық қызмет бастығының бұйрығын орындамай, әскери бөлім командирімен сөйлесуге бармаған. Әскери полиция бөлімі Г.М.-ге қатысты ҚР ӘҚтК-нің 652-бабы 6-тармағы («Бағынбау, яғни, бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту») бойынша әкімшілік іс қозғады.
Мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ол кінәлі танылып, оған 25 АЕК (49 550 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
В Атырау +4