Атырау, 26 қараша 08:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

"Когалымавиа" екі ай бойы жалақы төлемей келген

1 918 просмотра

"Когалымавиа" әуе компаниясының жалақы бойынша қарыздарының бар екендігі анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы Ресейдің еңбек және жұмыспен қамту федералдық қызметінің (Ресеңбек) баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Airbus A321 әуе апатына байланысты Ресеңбек комиссиясы жұмысты бастап кетті.

"Ресеңбектің "Авиакомпания "Когалымавиа" ЖШҚ-ны ресейлік әуе лайнерінің апатқа ұшырауына байланысты бастаған тексеру барысында жалақы төлеудің 2 айға кешіктірілгені анықталды. Қазіргі уақытта қарыз сомасы анықталу үстінде", - деп мәлімдеді Ресеңбектегілер.

Ведоство өкілдерінің мәліметінше, бақылау шаралары барысында еңбек талаптарының сақталуы, оның ішінде ұшу құрамына қатысты медициналық бақылау, психиатрлық куәландырулары тексеріледі.

"Когалымавиа" әуе компаниясындағы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруге арналған бақылау шаралары менің жеке бақылауыма алынды. Ереже бұзу анықталып жатса кінәлілер жауапкершілікке тартылады", - деп келтіреді баспасөз қызметі Ресейдің еңбек және жұмыспен қамту федералдық қызметінің басшысы Всеволод Вуколовтың сөзін.

Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 қараша 2015, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.