Атырау, 8 қазан 09:39
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Қытай ірі жолаушылар ұшағын жасады

1 793 просмотра

Қытайда бүгін елдегі алғашқы ірі ұшақтың таныстырылымы өтті. Мемлекеттік COMAC компаниясының алғашқы екі моторлы C919 ұшағы Шанхайдағы зауыттан Қытайдың авиациялық саласын дамыту аясында шығарылған. 168 жолаушы сиятын ұшақ келесі жылы әуеге көтеріліп, 2019 жылдан жолаушы тасымалдай бастайды. Ұшақ негізінен Airbus және Boeing компаниялары қамтамасыз ететін қысқа фюзеляжды ұшақтар қатарын толықтырады.

Ұшақ бөлшектерінің көпшілігі, оның ішінде моторы мен борт жабдықтарын батыстық компаниялар немесе Қытайдың шетелмен бірлесе ашқан кәсіпорындары шығарған.

COMAC көпшілігі қытайлық 21 әуе компаниясынан 517 ұшақ құрауға тапсырыс алғанын айтады. Бұған дейін Қытайдың өзге мемлекеттік компаниясы шағын жолаушылар ұшағын жасап шығарған.

Дереккөз: azattyq.org

2 қараша 2015, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.