Атырау, 18 қаңтар 06:20
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Кеш оянды

2 822 рет қаралды

31 қазанда өткен футболдан ел чемпионатының 31-туры матчында «Атырау» сырт алаңда шымкенттің «Ордабасын» 1:0 есебімен ұтты.

Қонақтар көптен көрсетпеген ойын өрнегін көрсетті. Жинақы ойнап, жақсы қорғанып, қарымта шабуылдар жасады. 30-минутта Владимир АРЖАНОВ гол соқты.

Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда «Атырау» турнир кестесінде 6-орынға шықты. Алайда 8 қарашада «Мұнайшы» стадионында павлодарлық «Ертісті» ұтса, бір саты жоғары көтерілу мүмкіндігі бар. «Ақтөбенің» қола жүлдегер болатыны белгілі. Алтын медальді турнир кестесінде 1 ұпай айырмашылықпен бірінші және екінші орында тұрған «Астана» мен «Қайрат» сарапқа салады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


2 қараша 2015, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.