Атырау, 9 ақпан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Балалар тойда қызмет көрсетуге тиісті емес

3 553 рет қаралды

Атырауда жұмыс берушілер мен кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына жасөспірімдер түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жұмыс жасағаны үшін айыппұл салынды.

Қыркүйекте полиция жүргізген кешкі рейд кезінде қаладағы көптеген ойын-сауық орындарынан заңды өкілдерсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталды. Ойын-сауық орындарының лауазымды тұлғалары түнгі уақытта даяшы ретінде той салтанаттарына қызмет көрсету үшін кәмелетке толмағандарды жұмысқа алған.

- Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында олар ҚР ӘҚтК-те қаралған құқықбұзушылыққа кінәлі деп танылып, 30 және 45 айлық есептік көрсеткіш (59 460 және 89 190 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, - дейді Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ.

Өз балаларына бақылау жасамаған ата-аналарға 3 АЕК мөлшерінде айыппұл тағылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 қазан 2015, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.