TEPCO компаниясы «Фукусима-1» атом-электр стансасын Тынық мұхиттан бөліп тұратын алып қабырға тұрғызды.
Компания ұзындығы 780 метрлік қабырға 4 жыл бойы мұхитқа кетіп жатқан улы судың ағысын едәуір бәсеңдетеді деп үміттенеді. Бұл құрылыстың төменгі бөлігі жер астында 30 метр тереңдікте жатады. Бұл тереңдік күніне ағып кететін су көлемін 400-ден 10 тоннаға дейін азайтуы тиіс. Сондай-ақ қабырға теңізге кетіп жатқан радиоактивті цезий, стронций мен тритийдің де ағысын азайтады. Мұнымен қоса, TEPCO жыл аяғына дейін реактор айналасындағы уланған суды мұз етіп қатырып, оның ағып кетуіне тосқауыл қояды, деп жазады gismeteo.ru.
Дереккөз: 24.kz