Атырау, 26 қараша 08:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

БҰҰ: Солтүстік Корея мыңдаған адамды шетелге жұмысқа жіберген

1 559 просмотра

Image 0Владивостокта (Ресей) жұмыс істеп жүрген солтүстік кореялықтар.Солтүстік Кореяның 50 мыңнан аса азаматы Қытай мен Ресейде мәжбүрлі жұмысқа салынған. Бұл туралы БҰҰ өкілі Марзуки Дарусман мәлімдеді.

Оның айтуынша, санкция салынғаннан кейін ресми Пхеньян өз азаматтарын әдейі ақша табу үшін шетелге жібереді. БҰҰ есебі бойынша, Солтүстік Корея жыл сайын шетелде қара жұмыс істейтін азаматтарының арқасында 1,2 – 2,3 миллард доллар көлемінде пайда тауып отыр.

БҰҰ есебінде Солтүстік Корея азаматтары барып жұмыс істейтін елдер қатарында Ресей мен Қытайдан бөлек Алжир, Ангола, Кувейт, Польша сынды 15 ел аталған.

БҰҰ мәлімдеуінше, Солтүстік Корея азаматтары күніне 20 сағат жұмыс істеп, айына 120-150 доллар жалақы алады.

Дереккөз: azattyq.org

29 қазан 2015, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.