Атырау, 29 қараша 05:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырау-Алматы пойызы Қызылордада тұрып қалды

4 032 просмотра

«Жолаушыларды тасымалдау» АҚ-ның баспасөз қызметі 29 қазан күні Қызылорда станциясында техникалық себептерге байланысты N78 Атырау-Алматы пойызының қатынауы тоқтатылғанын хабарлады.

«2015 жылы 29 қазанда Қызылорда стансасында дизель-генератор вагонындағы техникалық ақаудың салдарынан Атырау-Алматы бағытындағы №78 жолаушылар пойызының қатынауы уақытша тоқтатылды.

Бұл құрылымға «Patentes Talgo S.L.» компаниясы техникалық қызмет көрсетеді.

Жолаушыларды ары қарай тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Мәскеу-Алматын бағытында жүретін №8 жедел пойызына қосымша 8 купе вагоны тіркелді», - делінген хабарламада.

N78 Атырау-Алматы бағытындағы Тұлпар-Тальго пойызы Атырау қаласының вокзалынан кеше, 28 қазанда, таңғы сағат 8.55-те қозғалды, Қызылорда станциясына бүгін таңғы сағат 4.03-те келді.

Теміржол вокзалдарының бірыңғай анықтама қызметінде түсіндіргендей, Атыраудан келе жатқан жолаушыларды бүгін Таразға сағат 21.50-де келетін №8 Мәскеу-Алматы жүрдек пойызына отырғызылады. Бұл пойыз Алматыға ертең таңғы сағат 7.15-те жетеді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

29 қазан 2015, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.