Жапонияда мүшелері ең көп «Ямагути-гуми» қылмыстық тобы ішінара іріткі салдарынан екіге бөлініп кетті. Қазір оның бейтарап кеткен бөлігіндегі 3 мың якудза жеке топ құрып, Кобе қаласына қоныс теуіпті. Енді бұрынғы басшыларына өшіккен олар күшейіп алып, кез келген уақытта қақтығыс болуы мүмкін.
Осыған байланысты Жапония полициясы қыркүйектен бері екі жақтан барлығы 96 адамды қамауға алды. Олардың арасында «Ямагути-гуми» тобының серкесі Кэндзи Эгути бар. Ол жалған кәсіпкерлікпен айналысу арқылы қомақты қаржы тауып келген. Қылмыстық топтар арасында болуы мүмкін қантөгістің алдын алу мақсатында Жапония полициясы күшейтілген қызметке көшірілді, деп хабарлайды ТАСС. Сонау 1980 жылдары «Ямагути-гуми» бөлшектеніп, якудзалар арасында 300-ге жуық қақтығыс болып, қан төгілген еді.
Дереккөз: 24.kz