Атырау, 8 қазан 10:35
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Спорт жаңалықтары

2 422 просмотра

Бокс

Астанада әйелдер боксынан Астана кубогы турнирі өтті. Жарыста 2016 жылғы әлем чемпионатына іріктеу жүргізілді.

Облыс құрамасының қоржынында үш жүлде бар: 60 келіге дейінгі салмақта Назым Ищанова «алтын» алса, 75 келіге дейінгі салмақта Ақмарал Шамшиденова мен Шынар Юлдашева «қолаға» қол жеткізді.

– Осы турнирде бірінші орын алған спортшылар әлем чемпионатына қатысуға толық кепілдік алады. Екінші және үшін орын алғандар да тізімнен шығарылмайды, олардың баруы жаттықтырушылар кеңесінде талқыланады, – дейді ҚР әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Вадим ПРИСЯЖНЮК. – Назым Ищанованы атап өткім келеді. Ол жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, ересектер арасында да керемет өнер көрсетіп жүр.

Н. Ищанова – Батыс Қазақстан облысының тумасы, 2015 жылдан бері АМУ-дің студенті, Атырау облысының намысын қорғап жүр.

Футбол

«Ривьера» стадионында АМӨЗ-дің бұрынғы бас директоры Владимир ГАФНЕРДІ еске алуға арналған футболдан турнир өтті.

Турнирге «Каспий», «Мелиоратор», «АМӨЗ» және «Ардагерлер» командалары қатысты. Қатысушылардың орта жасы 50-ге жетті. Үшінші орын үшін болған матчта «Ардагерлер» «Каспийді» ұтты. Финалда «АМӨЗ» 1:0 есебімен «Мелиораторды» жеңді.

Турнирдің үздік ойыншылары: Берік Молбай, Абай Қаражанов, Нәбижан Қуанышев, Болат Кунатыров, Маралбек Шонбаев, Рашид Мұңбаев, Владимир Шапошников, Мұрат Қалмұратов.

Карате

Ақтөбеде балалар, ер балалар және жасөспірімдер арасында кекушинкай-кан каратеден ашық қала біріншілігі өтті.

Жарысқа Ақтөбе, Ақтау және Атырау қалаларынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Біздің өңіріміздің намысын «Намыс» кекушинкай карате-до федерациясының шәкірттері қорғады. Жеңімпаздар: Нұрхан Мақсот, Әли Махметов, Ярослав Гончаров, Абылайхан Қаракенже, Тамерлан Оразахаев, Кирилл Осипов және Сұлтан Нұрбаев. «Күміс»: Ратмир Тоғашев, Әлихан Жардемов, Алексей Боровиков, Бекжан Сағытжанов, Дамир Темірғалиев, Ахмеджан Мақсотов, Данияр Есенғұлов. Нариман Тәттіғали мен Исабек Азаматов «қола» иеленді. Спортшыларды жаттықтырушылар М. Жолдасов, А. Котов, Р. Байбосынов дайындады.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.