Атырау, 8 қазан 10:33
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Шеккен айыбын жұмыспен өтейді

2 191 просмотра

№2 қалалық сот 48 жастағы Атырау қаласының тұрғынына марихуана шеккені үшін жүз сағат қоғамдық жұмысқа тарту үкімін шығарды.

Сотталушы К. қоғамдық орында анаша шеккен, сол жерде оны полиция қызметкерлері ұстады. Есірткі зат қолдану фактісін медициналық сараптама растады.

Сотта айыпкер өз кінәсін мойындап, қара сора салынған ораманы Мостовой өзегінің қасынан тауып алып, бірден шеккісі келіп кеткенін айтты.

К.-нің әрекеті ҚР ҚК-нің 296-бабы 1-тармағына («Есірткі заттарды медициналық емес тұтыну») жатқызылды. Сот сотталушының екі кәмелет жасқа толмаған баласының бар екенін ескеріп, жүз сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.